Жайық бойындағы жағажайлар 6 метрге дейін биіктетілуде

(0 Votes)

Қазіргі уақытта қаланың әр елдімекенінде судан қорғану бойынша бөгеттер салу, дамбыларды биіктету жұмыстары жүргізілуде. Үш метр дамбылар тағы үш метрге биіктетілуде. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев су тасқынының алдын алу жөніндегі жедел штаб алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта Қазгидромет мамандары болжам бойынша критикалық мәліметті беріп отыр. Сол үшін Бесікті ауылынан бастап Дамбы ауылдық округіне дейінгі аймақтардың жағалауын 6 метрге биіктетуді құрылысшыларға міндеттеп қойдық. Олар жұмыстарын үш күн ішінде жасап бітіру керек. Әрі қарай бөгет бекіту жұмыстарының екінші кезеңін бастаймыз. 10 сәуірден бастап тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылатын болады. Судың келуі кезінде бөгеттерді жарып кетпеуі бақылауда болады. Жайық жағалауындағы әр елдімекен тұсына гидропункттер орнатылған. Гидропункттердің болжамын күнде алып отырмыз. Бүгінгі күні Жайық өзенінің өсім деңгейі 1 см-ге өскен" деді Жасұлан Бисембиев.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT