Жаңғырған сайлау жүйесі – реформалар нәтижесі

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Біз Отанымызды өркендету жолында бетбұрыс жасап, жаңа дәуірге қадам бастық. Бірақ өзгерістер мұнымен бітпейді. Бұл – ұзақ жолдың басы ғана. Реформалар жалғаса береді, саяси құрылымды жетілдіру қажет. Бұл аса маңызды жұмыс» деген болатын. Осы орайда еліміздің сайлау органдарына да жүктеліп отырған міндет зор.

Қай сайлаудың болсын әділ өтуі жергілікті сайлау комиссияларына байланысты сайлау комиссияларының қатарында міндетті түрде білімді, тәжірибелі, өз қызметін адал атқаратын азаматтар болуы өте қажет.  Бұл талаптарды аудандық мәслихатқа сайлау комиссияларының мүшелерін ұсынатын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер және тиісті шешімдерді қабылдайтын мәслихатта ескере отырып,былтыр өткен мәслихат сессиясында өкілеттігі аяқталған сайлау комиссияларының бәрінің құрамы жаңартылды.

Соның ішінде учаскелік сайлау комиссияларының 81 мүшесі жаңа адамдармен ауыстырылды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы 28 пайызға жаңартылды. Бүгінде сайлау комиссияларының құрамына ресми тіркелген барлық саяси партиялардың өкілдері де кірді. Жалпы, сайлау комиссияларының тәуелсіздігі мен кәсібилігін арттыруға ерекше мән беріліп, 2023 жылдан бастап облыстардағы аумақтық сайлау комиссияларының барлық мүшелері, сондай-ақ аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары өкілеттіктерін кәсіби негізде жүзеге асыратын болды. Сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы және сайлау процесінің өзге де қатысушыларын оқыту жоспарға сәйкес Мемлекеттік басқару академиясындағы Эекторалдық оқыту орталығының базасында офлайн және онлайн режимде ұйымдастырылуда. Көптеген шетелдік сарапшылар мен әріптестер, соның ішінде батыс елдерінің мамандары Қазақстанда халықаралық нормаларға сай келетін сайлау жүйесі құрылғанын, ол елдің әрбір азаматының өз еркін білдіруге, сайлауға және сайлануға, осылайша мемлекеттік басқаруға қатысуына құқық беретініне және Қазақстандағы демократиялық реформалардың озық үлгіде екенін айтып, оған қолдау білдіріп отыр.

Азаматтардың талап-тілегінен және елдің мүддесінен туындайтын, әбден ойластырылған реформалардың нәтижесін біз күн санап көріп отырмыз. Биліктің барлық тармағы толыққанды жұмыс атқарып, алға қойылған міндеттерді бірге орындап жатыр. Қоғам мен саяси институттар арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына негізделген өзара байланыстың нақты жүйесі қалыптасқандығы шындық. Бүгінде әлеуметтік зерттеулер Президентке және оның саясатына деген сенім 80 пайыздан жоғары екенін көрсетіп отыр.  Қоғамымыз жедел өзгеріп жатыр. Азаматтардың саяси өмірге белсенді араласу мүмкіндігі артып келеді. 

Ауыл әкімдерін сайлауды енгізген соң аудан әкімдерін сайлауға көшіп жатқанымыз –соның айғағы.

Осы бастамалар Әділетті Қазақстан орнату жолындағы өте маңызды қадамдар екендігі сөзсіз.

Мемлекет басшысының тың бастамалары, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары – бүкіл қоғам болып қолдауды қажет ететін күрделі үдеріс.

Осы реформаларды іске асыруға әр азамат атсалысып, еңбекті ерекше қастерлейтін елге айналсақ. Сол кезде ғана заң мен тәртіп салтанат құрған, дамыған Әділетті Қазақстан қалыптастырамыз.

Болат БРАЛИЕВ,
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT