Президент Жолдауы – жаңа әлемдік тәртіп қалыптасып жатқан қазіргі кезеңде Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындаған маңызды стратегиялық құжат. Мемлекет басшысы жаһандық геосаяси тұрақсыздық, экономикалық теңсіздік пен қауіп-қатерлер күшейген жағдайда елдің ішкі тұрақтылығы мен ұлттық мүддені қорғау басты міндет екенін атап өтті.
Жолдауда экономиканы жаңғырту, цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу, сондай-ақ инвестициялық саясатты қайта қарау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар қоғамдағы әділдік, заң үстемдігі мен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту ел дамуының берік негізі ретінде көрсетілді. Президент ұсынған бастамалар Қазақстанның жаңа әлемдік тәртіп жағдайында өз болашағын сенімді қалыптастыруына жол ашады.


