Жаңа журнал жарыққа шықты

Рейтинг: 5 / 5

Бүгін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Сарайшық» журналының тұсаукесері өтті.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Атырау-ақпарат» медиахолдингі жанынан шығатын мерзімді басылым әдеби-мәдени, тарихи-танымдық  бағытта болмақ.
Журнал беттерінен тек облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ғана емес, еліміздің қабырғалы қаламгерлерінің бұрын-соңды жарық көрмеген тың дүниелері жарияланып тұрмақ.

- Журналдың «Сарайшық» аталуының өзіндік символикалық ерекше мән-мағынасы бар, - дейді, «Атырау-ақпарат» медиахолдингі өкілдері. - Кезінде өркениеттің бастауы болған бұл шаһар Ұлы Жібек жолы бойындағы ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің мәңгі мәйегіне, руханиятымыздың ғажайып ошағына айналған. Ендеше осынау шежірелі шаһар атауы келешекте ұлттық санамыздың баға жетпес асыл қазықтарының бірі болуы тиіс.

Басылымның ақылдастар алқасында ақын, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илья Жақанов, ғалым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес секілді көрнекті қаламгерлер мен ғалымдар бар.

Журналдың салтанатты тұсаукесер рәсіміне облыс басшылығы, жергілікті журналистер мен ғалымдар, сондай-ақ, Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржанов, Жанарбек Әшімжан, Бауыржан Халиолла, Дәулеткерей Кәпұлы секілді ұлт зиялылары қатысты.

zhaa-kitap-tsau-keser

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика