Бүгін бекітілген желілік кестеге сәйкесті, «Аумақтық даму» қоғамдық кеңесінің және партиялық бақылау комиссиясының біріккен жины өтті.
Жиын барысында «AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ө.Есенғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттемелерді талқылады.
Күн тәртібінде:
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңа тарифтік саясат туралы» жолдауын талқылау; (Хабарламашы: «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Құрманғазы газ шаруашылығының есепшісі Б.Абулхайров)
2. Құрманғазы ауданында «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы; (Хабарламашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Баймуханова)
Жиын отырысында ұсынылған мәселе толығымен қаралып, орындалуын қадағалау комиссия мүшелеріне тапсырылды.