Атырау облысына қарасты шекара қызметшілері заңсыз су маржандарын тасымалдаған қаскөйлерді қолға түсірді.
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Каспий теңізінің солтүстік жағалауы «Шалик» қыстауының маңында күдік тудырарлық іс әрекеттермен «Тайота» көлігі тоқтатылды.
Шекара наряды мен Исатай аудандық полиция қызметкерлерімен бірге тоқтатылған автокөлік тексерілді. Тексеру барысында жалпы салмағы 100 кг жуық қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас (осетра) балық түрі болғандығы белгілі болды. Заң бұзушылардың мемлекетке келтірілген залал көлемі 45 млн теңгеге жуықтады.
Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты шекарашылармен Исатай аудандық полиция қызметкерелерінің бірлескен жұмыс барысында заң бұзушылар дер кезінде қолға түсті.
Ұсталған азаматқа Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі. Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Аға лейтенант АЙТӘЛІ Өмірбат