«Қызыл» аймақ: Атырау облысында тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 375 дәрігер еңбек етуде

(0 Votes)

275 медицина қызметкері Covid-19 ауруының көбеюіне байланысты резервте тұр, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы ресми деректер бойынша Атырау облысында 6 575 медицина қызметкері бар. Оның ішінде 1 479 – дәрігерлер, 5 096-орта және кіші буын медицина қызметкері.

Бүгінгі таңда «Қызыл» аймақтардағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 375 дәрігер жұмыс істейді. Жоғары, орта және кіші буын тағы 275 қызметкер аурушаңдық өскен жағдайда резервте тұр,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциядан 186 адам емделді, 67 науқас ауыр халде жатыр, оның 11-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521