Юлия Путинцева Монреаль мастерс жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады

(0 Votes)

Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Монреаль WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 860-орында тұрған канадалық Мия Купреспен кездесті. Ю.Путинцева бірінші партияда 2:6 есебімен есе жібергенімен, одан кейін айқын басымдылық танытты – 6:2, 6:0.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында Юлия 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Қарсыласы 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді. Юлия Путинцева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 114-ракеткасы, аустралиялық Кимберли Биррелмен шеберлік байқасады.

Оны жеңсе, 7 тамызда басталатын негізгі жарысқа жолдама алады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның Монреаль мастерс турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Александр Бубликтің Торонто мастерс турниріндегі қарсыласы белгілі болды. Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліс тапты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521