Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұлығыланды

Рейтинг: 0 / 5

30 тамыз – Конституция күніне орай Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті бастығының м.а. Манарбек ГАБДУЛЛИН өз міндеттерін қалтқысыз атқарған Департамент қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат ЕШМАҒАМБЕТОВТЫҢ, Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ алғыс хаттарымен марапаттады.

- Халқымыздың амандығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, әрқашан отан қорғау алдында барларын салатындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді. - дейді Департамент бастығының әділет полковнигі м.а. Манарбек ГАБДУЛЛИН.
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің Департамент қызметкерлеріне жариялаған алғыс хатында биыл 25 жыл толып отырған еліміздің Ата заңы – адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі екендігін атап өтіп, Департамент қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін арнады.
ҚР ІІМ бұйрығымен Атырау облысы бойынша ҚАЖД штаб тобының аға инспектор-кезекшісі Олжас ДЖАМАНБАЕВ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталса, Облыс әкімінің алғыс хатымен – 5 қызметкер, ІІМ – 2, ҚАЖК төрағасымен – 2, ҚАЖД бастығымен 15 қызметкер марапатталды.
Коронавирустық инфекциямен күрес кезінде УГ-157/11 мекемесі (әйелдер түзету мекемесі) құқық қорғау органдары қызметкерлерін қорғаныш маскаларымен қамтамасыз етіп, пробациялық есепте тұрғандар қайырымдылық жасап, дәрігерлер мен науқастарды ыстық тағаммен қамтамасыз еткенін айта кету керек.
Коронавирус пандемиясы кезінде сотталған азамат-азаматшалар арасында аурудың таралуына жол бермей, індеттің Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты бас бостандықтарынан айыру мекемелеріне кіруіне тосқауыл қойып, жазасын өтеуші азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз еткені үшін департаменттің медицинамен қамтамасыз ету тобының санитарлық-маман дәрігері Айнұр МЕҢДІҒАЛИЕВА Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

- Коронавируспен күресу - бәріміздің ортақ міндетіміз бен парызымыз. Департамент басшылығының дер кезінде қабылдаған шешімдерінің арқасында сотталғандар мен тергеуде отырғандар арасынан коронавирус табылмады. Соған қарамастан біздің қызметкерлеріміз пандемиямен күресуге толықтай дайын болды,-дейді Айнұр Меңдіғалиева.

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика