banner_damu

Волонтерлар арасындағы "Мейірім шыңы" байқауы қорытындыланды

(0 Votes)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Халықаралық волонтерлар күні қарсаңында алғаш рет ұйымдастырылған облыстық байқауға 150 ерікті қатысты  - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі .

Байқау мақсаты - "Birgemiz" жалпыұлттық жобасының 12 бағыты бойынша волонтерлердің қоғамдағы рөлін арттыру және жан-жақты қолдау көрсету.

Қорытынды кешке Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық қоғамдық  кеңес төрағасы Мақсым Ізбасов қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі деген еді. Атырауда да 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында 57 волонтерлік ұйымдар мен мыңға жуық  еріктілер қоғам үшін белсенді қызмет атқаруда. Бүгінде жастарымыздың ерікті түрде ұйыса білуі қуантып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген баршаңызға табыс, сарқылмас күш-жігер тілеймін, - деді, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Байқау қорытындысымен ерікті топ жетекшілері "Үздік волонтерлік топ", "Үздік аудандық волонтерлік топ", "Мейірім", "Асыл жүрек", "Туған өлке жанашырлары", "Білім жаршысы", "Қайырымдылық жолында", "Жақсылық жаршысы", "Белсенді тұлға", "Жан жылуы"  номинациялары бойынша марапатталды.

Сонымен бірге белсенді волонтерлар -  Тілек Күзенбаев пен Нұргүл Құрманғалиева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның алғыс хатымен марапатталды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика