ВАКЦИНАЦИЯ: Атырауда аутсайдер-аудандар LED-экрандардан көрсетілмек

(0 Votes)

Бұл туралы 9 тамыз күні облыстық әкімдікте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған жиында өңірдегі эпидаухал мен екпе мәселесі сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұрғындарды екпемен қамту бойынша Атырау ең төменгі көрсеткішке ие болып отырғанын мәлімдеді.

«Өңіраралық жиындарда Атырау вакцинация бойынша бірнеше рет аутсайдер өңірлер қатарынан табылып келді. Бұл басқарма, мекеме, қала мен аудан басшыларының халықпен байланысы жоқ деген сөз. Алты ай өтті, бірақ, біз әлі күнге дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаға деген халықтың сенімін тудыра алмай отырмыз. Демек, түсіндіру жұмыстары жүргізілмей жатыр. Қаншама адамнан айырылдық, тәулігіне 400-ден астам науқас тіркеліп отыр. Жұмысты күшейту керек, әсіресе, аудандарда» деді Бақытгүл Қайыржанқызы.

Аймақ басшысының орынбасары аудандардағы мониторингтік топтардың да жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, карантин талабы Исатай және Мақат аудандарында ең аз бұзылған. Атап айтқанда, Исатайда үш, ал, Мақатта бір ғана хаттама толтырылған. Облыс әкімінің орынбасары халықты белсенді түрде екпе алуға шақырды. Өйткені, вакцина – ауруды ауыздықтаудың жалғыз жолы екені атап өтілді.

Ләззат СӘЛІМОВА Аударған – Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521