Вакциналаудан кейін көп жағдай өзгеруі мүмкін

(0 Votes)
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға шетелге шығу талаптары өзгере ме? ПТР анықтамасы сұрала ма?» деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
«Біз Қазақстанда елден ұшу үшін ПТР анықтамасын сұрамаймыз. Бұл сіздің қай елге ұшып бара жатқаныңызға байланысты және әрине, біз ықпал ете алмаймыз», - деп жауап берді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында.
 
Оның айтуынша, вакциналаудан кейін көп жағдай өзгеруі мүмкін.
 
«Әрине, көп жағдай өзгереді, өйткені көптеген елдер вакцина алғандарға қатысты қандай да бір ерекше режим мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Өздеріңізге мәлім, вакциналауды электронды қадағалау ұғымын – электрондық паспортты енгізіп жатырмыз. Бұл деректер вакцинация жүргізу жолын мониторингілеу үшін ақпараттық жүйеге орналастырылады», - деп атап өтті Е. Қиясов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521