Вакцинадан кейін есінен танып қалған Теңіздегі қызметкер, эпилепсиямен ауырған

(0 Votes)

Әлеуметтік желіде әйел адамның вакцина қабылдағаннан кейін есінен танып қалғаны көрсетілген видеоматериал таралып кетті. Артынша ол қызметкерді медицина қызметкерлері келіп, алып кетеді. Анықталғандай оқиға Теңіз кенішінде болған.

«Теңізшевройл» ЖШС бұл оқиғаның расымен де орын алғандығын растады. Компанияның медициналық бөлімшесінің ақпаратына сәйкес, 3 шілде күні сағат 15:03-те «Sicim» компаниясының қызметкері "Спутник V" вакцинасын (ІІ компонент) қабылдап болып, дәргердің 30 минуттық бақылауы кезінде, екпе пунктінде есінен танып қалған.

«5 маусымда вакцинаның І компонентін ектік, ол кезде мұндай оқиғалар байқалмады. Екінші компнентті салдыру кезінде қызметкердің жағдайы қалыпты болатын. Денсаулығына шағым, дене температурасының көтерілуі байқалмады. Ол өз еркімен вакцина қабылдауға келісім берді. Бірақ ол қызметкер бұрын эпилепсия диагнозымен тұрғылықты мекен жайы бойынша, неврологтың есебінде болған. Қызметкердің сөзінше, одан кейін эпилепсиялық талма болмаған. Дәрігер тағайындаған ем-домды қабылдағанын айтады», делінген таратылған ақпаратта.\

Әйел адамға вакциналау пункті қызметкерлері шұғыл медициналық көмек көрсетіп, кейін ол ТШО клиникасына жеткізілген. Ол жерде қызметкер 4 шәлдеге дейін дәрігерлердің бақылауында болған.

Дәрігерлердің айтуынша, ТШО клиникасына түскеннен кейін науқас эпилепсиялық талмаға ұшырамаған, басқа да жанама кері әсерлер байқалмаған. Ол тұрғылықты мекен жайы бойынша ем қабылдауға жіберілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521