Үздік әдеп жөніндегі уәкілдер марапатталды

(0 Votes)

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қадағалау және Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультациялық көмек көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша іс-қимыл жасауда Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқаратын рөлі зор.

Осы тұрғыда, өткен жылдан бастап Департамент Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің нәтижесін анықтау, оларға жүктелген функцияларды тиімсіз атқаруға әсер ететін факторларды жою және қойылған міндеттерге жетуде ынталандыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін бағалауды қолға алған болатын.

Бұл ретте, Департаментпен 2023 жылдың 21 ақпанында өткен Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар-кездесу барысында олардың 2022 жылғы атқарған қызметтері де талқыланды. Нәтижесінде, ең үздік Әдеп жөніндегі уәкіл деп Қызылқоға ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Жанқуатов танылды.

Сонымен қатар, жоғары нәтижелерге қол жеткізген Индер ауданы әкімдігінің, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, ҚР ДСМ Медециналық және формацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің көліктік бақылау инспекцияларының, сондай-ақ, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің Әдеп жөніндегі уәкілдері де Департамент басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Бұдан бөлек, семинар-кездесуде Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Өтешов мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, Әдеп кеңесінде қаралған мәселелерге тоқталып, мемлекеттік қызметшілерге бағыт берсе, Атырау облысы жергілікті атқарушы органдарының дербес Әдеп жөніндегі уәкілі Ф. Ахметова қызметін, сондай-ақ облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мәселелерін баяндап, міндеттері жүктелген Әдеп жөніндегі уәкілдерді бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT