Университеттер мен колледждерге құжаттар электронды түрде қабылданады

(0 Votes)

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов маусым айынан бастап барлық ЖОО құжаттарды электронды түрде қабылдай бастайтынын айтты.

«Цифрландыру мәселесі өте өзекті болып тұр. Біз биыл бірінші рет цифрлық режимде ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдадық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда құжаттардың саны біраз көбейді. Цифрландыру мәселесі ары қарай да біздің басты назарымызда болады», – деді министр.

Оның айтуынша, енді ЖОО мен колледждерге құжат қабылдау науқаны басталады. Бұл мәселені де қазіргі жағдайға сәйкес дұрыс жолға қойып, тиімді іске асыру керек.

«Жыл сайын 300 мыңнан астам түлек колледж бен ЖОО-ға құжаттар тапсырады. Құжаттар пакеті фотосурет, көшірме, куәліктен және басқа да 6 құжаттан тұрады. Бұл құжаттарды жинау үшін шамамен 4 мың теңге кетеді. Жыл сайын осындай құжаттарды тапсыруға 1 мрлд теңге жұмсалады. Сонымен қатар құжаттарды барып тапсыру, кезекке тұру керек. Мұндай қажетсіз кезекке тұруды болдырмау үшін құжаттарды қабылдауды автоматтандыру керек. Биыл барлық білім беру ұйымдарына қабылдау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда кішкене апаттық жағдай орын алғандықтан, оның қалай жүзеге асырылатынын қазір көрсете алмаймыз. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдайды», – деп қосты Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары.

turkystan.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT