Туризмді дамыту – мемлекет пен бизнестің ортақ міндеті

(0 Votes)

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің туризм саласына қатысты айтқан пікірлері мен тапсырмаларын зор ықыласпен қабылдадық. Шын мәнінде, Қазақстандағы туризм – әлеуеті зор, бірақ жан-жақты қолдауды қажет ететін стратегиялық маңызы бар сала.

Туристік компания өкілдері ретінде біз күнделікті қызметімізде саланың ең негізгі түйткілдерімен бетпе-бет келеміз. Біріншіден, кәсіби кадрлардың тапшылығы – қызмет сапасын арттыруға елеулі кедергі. Туризм менеджерлері, гид-аудармашылар, нұсқаушылар мен сала мамандарын даярлау ісі жүйелі түрде жолға қойылуы қажет. Екіншіден, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі – демалыс орындарының тартымдылығын төмендетеді. Жол, көлік, қонақүй, санитарлық-гигиеналық жағдай, сервистік қызметтердің сапасы туристер үшін шешуші рөл атқарады.

Президенттің Жолдаудағы тапсырмасында айтылғандай, елдегі демалыс орындарын ретке келтіру, жаңа бағыттардың әлеуетін арттыру және туристерді тарту ісін орталық органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асыру қажет. Бұл тұрғыда бизнестің де жауапкершілігі зор.

Әсіресе, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау туризмі мен тау шаңғысы туризміне қатысты бастамаларды ерекше қолдаймыз. Бұл бағытты дамыту тек ішкі туризмге ғана емес, шетелдік туристерді тартуға да үлкен мүмкіндік береді. Заманауи инфрақұрылым салу арқылы Қазақстанның курорттары халықаралық деңгейде танылып, еліміздің ұлттық брендіне айналары сөзсіз.

Өз тарапымыздан біз

сапалы туристік қызмет көрсетуді, ұлттық мәдениет пен табиғи мұраларды кеңінен насихаттауды, халықаралық әріптестікті арттыруды, инвестициялық жобаларға қолдау білдіруге дайынбыз.

Туризм – экономикалық өсімнің, жаңа жұмыс орындарының және Қазақстанды әлемге танытудың басты тетіктерінің бірі. Біз мемлекет пен бизнес өкілдері бірігіп еңбек етсе, еліміз аймақтағы туризм орталықтарының біріне айналатынына сенімдіміз.

 

Надежда МЫРЗАҒАЛИЕВА,

туризм жанашыры, «Sat sapar travel» саяхат агенттігінің жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT