«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті вакцинацияланған қызметкерлеріне, студенттерге бірқатар жеңілдіктер ұсынуда» деп хабарлайды Atr.kz
Жеңілдіктер қатарында туристік жолдама, өзге де бағалы сыйлықтар бар.
«Мәселен, студенттер үйіндегі бассейнге баруға 50% жеңілдік, 30 студентке туристік жолдамалар, 3 ноутбук сыйға ұсынылып отыр. Сонымен бірге,
вакцинацияланған студенттер арасында оқу ақысын төлеу кезінде 30, 50, 100% жеңілдік алуға лотерея ұтысы, ағылшын тілін оқыту бойынша тегін курстар ұсынылуда» делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз-қызметі ұсынған деректе.
Десе де, университет басшылығы конкурстар барлық білім алушының 60%-дан астамы вакцинациядан өткен кезде өткізілетіндігін ескертуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөнінде тапсырма берген болатын.
Әзірге вакцина алған студенттерге жеңілдік ұсынып отырған университеттер саны 10. Олардың қатарында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, НАРХОЗ университеті,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бар.
Баян Жанұзақова