Туристік ұйымдар басшыларының халықаралық форумында

(0 Votes)

Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумы өтуде.

Туристік индустрия өкілдерінің басын қосып, 19-20 мамырға жоспарланған аталмыш шараға еліміздің мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қатысуда.

Форумға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты ШЫҰ мүшелері-туристік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау және туризмді дамыту бойынша халықаралық сарапшылар, басшылар мен құрметті қонақтар, министрліктер мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумның басты мақсаттары ұйымға мүше мемлекеттер арасында туристік өзара іс-әрекетті, сенім мен достықты, тату көршілікті нығайту, сауда-экономикалық әріптестікті дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мәдени-тарихи нысандарды сақтау және күтіп ұстау, ШЫҰ мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521