Цифрлық экономика – жаңа мүмкіндіктердің бастауы

(0 Votes)

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауынан кейін біз, кәсіпкерлер, болашақтың бағытын айқын көрдік. Бүгінгі нарықта кім технологияны игере алады – сол табысқа жетеді.

Президент атап өткендей, инновация мен цифрлық шешімдер экономиканы әртараптандырудың кілті. Жасанды интеллектті шағын және орта бизнеске енгізу – тиімділікті бірнеше есе арттырады.

Менің ойымша, мемлекет тарапынан цифрлық стартаптарға қолдау мен білім беру бағдарламаларының кеңеюі — жастарға нақты мүмкіндік.

Ең бастысы, бұл Жолдау – ел жастарына сенім мен бағыт береді. Егер біз сол мүмкіндікті дұрыс пайдалансақ, Қазақстан өңірде ғана емес, жаһандық деңгейде де технологиялық орталыққа айнала алады.

Әділет Амангелді

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT