Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына зор үлес қоса алатын, білімді де, білікті, жеке көзқарасы, ойы мен пікірі бар, жан — жақты дамыған оқушыны дайындап, тәрбиелеу — ұстаздық міндетіміз.
Оның себебі, жан — жақты білімді ұрпақ болған кезде ғана еліміздің өркениеті алға дамиды. Әрбір ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шынайы шығармашыл көзқараспен қарап, осы бағдарлама мазмұны мен уақыт талабына сай, білім беруді түрлендіріп отыру, өзгеріс енгізу мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін пайдаланса, үздік нәтижеге жететініне сенімдімін. Биылғы оқу жылында Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінде басшымыз А.Т.Каменовамен бірлескен түрде осы TopIQ бағдарламасымен танысқан болатынбыз.Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында,оқушыларға тапсырмаларды беруге тиімділігі жоғары TopIQ бағдарламасымен жұмыс жасап, оқушыларым осы бағдарламаға тіркеліп, өз білімдерін шыңдай түсті..Бұл TopIQ бағдарламасының ерекшелігі оқушылар тапсырмаларды кезең-кезеңмен орындай отырып,соңында білім деңгейлері сараланады. TopIQ бағдарламасында онлайн форматында кез-келген оқулықтарын тауып оқи алады. Нәтижесінде бағытталған сабақта оқушыға мұғалім бағыт — бағдар беруші, жөн сілтеуші болып, сабақты жоспарлағанда оқушының өз бетімен білім алуға жетелейтін TopIQ бағдарламасы. Білім алу барысында оқушының білімді меңгерудегі оқушының осы TopIQ бағдарламасы арқылы ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерінің артуын бақылау, қалай оқу керектігін үйрену, оқушының өзін көрсете білуіне ықпал жасауы өте жоғары.
Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебі Зерттеуші педагог. Бастауыш сынып мұғалімі: Шиямеденова Бибигуль Нурлыгайыновна