Төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәселесі талқыланды

(0 Votes)

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында өрт қауіпсіздігі, сейсмикалық жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды. Материалдық-техникалық база, қызметкерлердің кәсіби дайындығына қатысты нақты мәселелер қаралды. Қатысушылар сейсмикалық қауіпті зерделеуге Алматыдағы Сейсмологиялық институттан мамандар шақырту жөнінде ұсыныс берді. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Жылыой, Мақат аудандарында техникалық жабдықтар, мамандар жағынан да дайындық жоғары екеніне тоқталды. «Махамбет, Исатай аудандарында жұмыстарды ұйымдастыруда кемшіліктер бар. Осы бағытта жұмыстар атқаруда материалдық-техникалық базаны нығайту қажет, – деп нақтылады.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT