Тоқаев еліміздің болашағы немен байланысты екенін айтты

(0 Votes)
Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мықты инклюзивті қоғам құрудағы басты құрал – тиімді әлеуметтік саясат болып саналады. Адам дамуы индексінің көптеген көрсеткіштері бойынша елеулі прогреске қарамастан, Қазақстан жетекші елдерден артта қалып отыр. Адами капиталдың жоғары сапасы – Қазақстанды қоса алғанда, барлық мемлекеттердің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттігінің негізі. Әлем білім экономикасына бет бұрып жатыр. Бұл шындық», - деді Мемлекет басшысы.
 
Президенттің айтуынша, қазір Тәуелсіздік ұрпақтары саны жағынан еліміздің барлық азаматтарының жартысын құрайды.
 
«Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Еліміздің болашақтағы әл-ауқаты дәл солардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.


https://www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521