Өткен жылы Атырау облысында 10 медициналық мекеме пайдалануға берілді

Рейтинг: 0 / 5

Сонымен бірге, аймақта 10 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Мәселен, Құрманғазы ауданында 75 орындық орталық аурухана салынды. Облыстық кардиологиялық орталыққа 50 орындық жапсарлас ғимарат тұрғызылды. Атырау қаласында модульдік аурухана пайдалануға берілді. Бірқатар ауылдық елдімекендерде амбулаториялар іске қосылды.

Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қамту үшін 5 жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады. Былтыр жедел медициналық жәрдем қызметіне 46, осы жылдың басында 20 жаңа автокөлік берілді. Осылайша өңірдің аталған қызметі қажетті көлікпен 100 пайыз қамтылды.

Сондай ақ, өткен жылы халық алдындағы есебімде көтерілген мәселенің бірі Құлсары қаласында 75 орындық аурухана салу болатын. Аталған нысанның құрылысы басталды» деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.​

Атап өту керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика