Тергеу изоляторы тегін маска таратты

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің қызметкерлері тергеуде отырған туыстарына сәлем-сауқат әкелгендерге 100-ден астам медициналық маска таратты.

- Бұл шара – коронавирустық инфекцияның алдын-ала мақсатында жасалып отыр,- дейді УГ-157/1 мекемесі бастығының м.а. Мейірбек УРАЗГАЛИЕВ.

– Коронавирустық пандемия басталғалы бері мекемеде санитарлық талаптар күшейтіліп, мекеме алдына дезинфекциялық тоннель орнатылып, мекеме аумағына маскасыз кіруге қатаң тиым салынды.

Өкінішке орай, кейбір азаматтар маскасыз келіп, санитарлық талаптарды сақтамайды. Сол себепті осындай акция ұйымдастырып отырмыз. Медициналық маска тек қана маскасыз келген азаматтар ғана емес, бір масканы ұзақ уақыт тағып отырған келушілерге де үлестірілді.

Сондай-ақ, мекемеге демеушілік көмекпен 5000-нан астам медициналық маска, 500-ден астам жеке антисептик және қорғаныш қолғаптары мен костюмдер әкелінген.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, мекемеде 200-ден астам адам сот үкімін күтіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521