banner_damu

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды ​

(0 Votes)

«Бұл науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар және байланыс жасағандар» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. ​

Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап, Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналдарды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 000-нан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​ ​

«Олардың арасында 6 000 нан астам жұмысшы Атырау облысының,​ 2 000 нан астамы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600 ден астамы Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар» деп нақтылады Шұғыл штаб. ​

Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде.

​ Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты.​

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам жақын қатынаста,​ 718 адам байланыста болған.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика