Теңіз кенішінде 25 жұмысшыдан қауіпті індет анықталды

(0 Votes)

Соңғы күндері Теңіз кенішінің жұмысшыларының қауіпті індетті жұқтыруы тоқтамай тұр.

Өкінішке орай, бүгін тағы да 25 жұмысшыдан коронавирус инфекциясының белгісі анықталды. Олардың үшеуі – Үндістанның азаматы.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, жұмысшылар тұрғылықты мекенжайына бара алдында арнайы тесттен өтіпті. -Қауіпті індет жұқтырған 25 науқастың бәрі – ер адам. Арасында Үндістанның 3 азаматы бар. Қазір науқастар инфекциялық стационарға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Індет ошағында дезинфекция жасалып жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар дәрігерлер бақылауына алынды, - деп ақпарат таратты өңірлік жедел штаб. Бүгін Атырау облысында қауіпті індеттің «қармағына» ілінген адамдардың саны 457-ге жетіп отыр. Ал, 127 адам коронавирусты жеңіп шықты.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521