Тазалық болмысымыздың бір бөлшегі

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықаралық «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында дамуымызға маңыз беретін көптеген мәселелерді қозғайды.

Жыл қорытындысына аз-кем тоқталып, жаңа салық кодексі, тауарлар бағасы мен тарифтердегі өзгеріс, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы саласы, жасанды интеллект, ішкі және сыртқы саясат, басқа да жайттарды сұхбат өзегіне айналдырады. Маған аса әсер еткені жастар мәселесін айналып өтпегені, өз нәтижесін берген «Таза Қазақстан» акциясының өміршеңдігі болды.

«Жастарымыздың күш-қуаты мол, үміті мен сенімі зор әрі азаматтық сана-сезімі өте жоғары. Олар – бар ықыласымен болашаққа ұмтылатын отаншыл азаматтар. Дәл осындай өршіл ұстанымның арқасында еліміз талай рет алдынан шығатын сын-қатерлерді еңсеріп, қиындықтарды жеңері сөзсіз. Жастардың қуанышы орынсыз, тіпті, оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ, олардың ой-пікірімен санасқан жөн. Жастар Отанымызға тек жақсылық тілейді. Бұл біздің қоғамымыздың жасампаздық рухын білдіреді. Өскелең ұрпақ бүгінгі ахуалға арман-қиялмен емес, нақты көзқараспен қарауы қажет, виртуалды емес, шынайы әлемде өмір сүруі керек. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмей, ерінбей еңбек етіп, өзін темірдей тәртіпке тәрбиелей білгені жөн» деп жастарға селкеусіз сенім арта ақыл-кеңесін айтады.

Сонымен бірге, Президент ретінде «Таза Қазақстан» акциясын алдағы уақытта да ерекше назарында ұстап, бұл жұмыстардың мән-маңызы өте зор деп бағалады. «Себебі, «Таза Қазақстан» жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға үндейді. Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл қадам «Таза Қазақстан» идеясымен толық үндеседі. Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Өйткені, тазалық дегеніміз – мағынасы терең, мазмұны сан қырлы ұғым. Тазалық ұғымы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқырауын емес, гүлденуін, кіршіксіз таза болуын білдіреді. Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуға тиіс» тазалықтан тән де, жан да жасартынын жеткізеді.

Тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы. Халқымыз қашанда тазалыққа аса мән берген. Дегенмен бүгінде күнделікті көріп жүргеніміздей, тазалық өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Сондықтанда орынды айтылған әңгіме деп ойлаймын.

Нұрболат ҚАЙРМЕДЕНОВ,

Құрманғазы ауылдық округі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT