Атырау қаласы аумағында 15 сәуірден бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Таза Қазақстан" республикалық акциясы өтуде. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.
Қала аумағында учаскелік полиция инспекторларымен жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзған яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 2338 хаттама жасақталып, әкімшілік шара қолданылды. Мәселен, 16 қыркүйек күні № 5 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қала әкімдігі қызметкерімен бірлесіп аумақтарын аралау кезінде өздеріне тиесілі аумақтарының алдындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинамаған тұлғаларды анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес анықталған 8 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, оның ішінде 6 тұлғаға ескерту жазасы қолданылды. Келесі 2 тұлғаға қатысты бұрын соңды көрсетілген бап бойынша ескерту берілгені анықталды. Құқықбұзушылық бойынша шара қолданбаған 2 тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.