«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша жаңа өтінім беру сервисі іске қосылды

(0 Votes)

Сервис еліміздің әрбір тұрғынына тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға мүмкіндік бере отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында қала және экология мәселелері туралы өтінім берудің жаңа сервисін әзірледі. Енді еліміздің барлық өңірінің тұрғындары ыңғайлы телеграмм чат-боты - @TazaQazBot арқылы өтінім бере алады.

-Әрбір қазақстандық проблемасы бар  орындардың фотосуретін жібере алады немесе галереядан суреттерді жүктей алады, проблеманы - жолдардың, саябақтардың, кірме жолдардың, жарықтандырудың, абаттандырудың, сонымен қатар қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жай-күйі туралы егжей-тегжейлі сипаттап, орналасқан жерін көрсете алады. Барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі, ол оны жіктейді және орындаушыны тағайындайды, - деп хабарлады ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Өтінімдер санаттарға бөлінеді, тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт беріледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы фотосуретті жүктеп, қажет болған жағдайда түсініктеме береді.

Кері байланыс ретінде пайдаланушылар орындаушыны тағайындау және жұмысты аяқтау туралы хабарламаларды тікелей телеграмм-ботта алады. Өтініш беруші орындалған жұмыс сапасын бағалай алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT