«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

(0 Votes)

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы сәуір айынан бастау алды. Соған байланысты облыстық мәслихаттың шешімімен қалалар мен елді мекендердің аумақтарында абаттандыру қағидаларының ережесі бекітілді. Облыс әкімінің жыл соңына дейін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, 19 жұмысты атқару белгіленді.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгінге дейін 25 сенбілік өткізіліп, оған 62 189 адам қатысып, 1477 техниканың күшімен 1726 тонна қоқыс полигондарға шығарылды.

Сонымен қатар акция аясында, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, құны 7,6 млрд.теңге құрайтын «Атырау қаласында 100 ауланы абаттандыру» жобасын жалғастыруға 2,2 млрд. теңге бөлініп, спорттық жаттығу алаңдары, демалыс парктері, балалар ойын алаңдарының құрылыстары жүргізілуде.

Облыс аумағында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау, жолын кесуге бағытталған Полиция департаментімен құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып профилактикалық іс-шаралар жоспарлы ұйымдастырылып өткізілуде. Соған қарамастан заңнамада белгіленген тәртіпті бұзу фактілері азаяр емес:

Тек, биылғы жылы барлығы 8 994 құқық бұзушылық фактілері анықталды.

«Таза ауа» акциясы бойынша 2024 жылдың 10 тамызында рейдтік шаралар жүргізіліп, 45 автокөлік тексеріліп, 10 автокөлікте атмосфераға зиянды заттар шығарындылары бойынша экологиялық нормативтен асып кету дерегі анықталып, алдағы уақытта бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Өңірдің елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың жоспарына сәйкес, биылғы жылы 59 гектар аумаққа 117 мың дана ағаш отырғызу жоспарланып, бүгінгі күнге 48 гектар жерге 49 800 дана ағаш көшеттері отырғызылып, жұмыстар жалғасуда.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT