“Таза Қазақстан” акциясы аясында Таңдай ауылындағы қоқыс аймағы тазартылды

(0 Votes)

Таңдай ауылы аумағындағы рұқсатсыз қоқыс төгілген аймақ қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен толықтай тазартылды.

 Іс-шара “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, ауыл экологиясын жақсартуға әрі қоршаған ортаны қорғауға бағытталды. Жұмыс барысында:

Қоқыс алаңы түгелдей тазартылды; 

Арнайы техника жұмылдырылды; 

Алдағы уақытта қоқыс қайта жиналмауы үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған шара ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қосты. 

Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет! Қоршаған ортаға бейжай қарамай, өз үлесімізді қосайық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT