Тайсойған ауылында судан құтқару жұмыстары жүргізілуде

(0 Votes)

Бүгінде аудан бойынша тасқын су басу қаупі бар округтерде дайындық және құтқару жұмыстары күндіз-түні жүруде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі сәтте Тайсойған ауылында 30 құтқарушы, қаладан келген 10 ерікті, 50-60 ауыл тұрғыны және 8 ауыр техника апаттың алдын алу мақсатында жұмыла жұмыс жасуда. Ауылдың негізгі бөгеті 2 шақырым болса, одан бөлек тағы 500-600 метр бөгет тұрғызылды. Кеше жеткен құтқарушылардың нұсқамасымен көтерілген бөгеттердің сыртқы қабаты құм толы қапшықтармен қапталуда. Сол сияқты 2,5 шақырым болатын канал қазылды.

Округ әкімі Төреш Қозбақовтың айтуынша, қауіптің алдын алу үшін еңбекке жарамсыз, әйелдер мен балалар сияқты 128 тұрғын Атырау қаласына, 11 тұрғын Миялы ауылына эвакуцияланды. Ал тасқын судың алды ауылға кеше кеште жеткен.

Қазіргі таңда өзен өз арнасымен ағуда, бөгеттерге жете қойған жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521