Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ATPress.kz.
"Бүгінгі таңда Ақмола облысы "қызыл" аймақта", - деді ол.
Айта кетейік, "сары" аймақта 5 өңір – Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.
Қалған 11 өңір мен тұтастай алғанда Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.
Цойдың айтуынша, республикада соңғы екі апта ішінде вирус жұқтыру деңгейі 28%-ке төмендеген.