Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңы қабылданды

(0 Votes)

Қылмыстық тepic қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар, залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған, залалдың немесе азаматтық талаптың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады.

Қылмыс жасау кезінде залал келтірген және оны өтемеген ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазаның өтелмеген мерзімдері қысқартылады.

Қазіргі уақытта Құрманғазы аудандық пробация қызметінің бөлім есебінде тұрған 20 сотталғанға қатысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңы қолданып, Құрманғазы аудандық сотымен қаралып, 9-сотталғанды босатуға, қалғаны 11-сотталғанды 1/3 бөлігімен және 1/5 бөлігімен қысқартылуда.

 

А.Е.Мурзабеков,

Атырау облысы бойынша ҚАЖД

Құрманғазы аудандық ПҚБ-і бастығы

әділет майоры

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521