Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үй секторында ауқымды рейд өткізді

(0 Votes)

Мереке күндері Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Олар тұрғын үй секторын ауқымды түрде аралап шықты.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйектенбастап Атырау облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Осы уақыттан бастап Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар басқармасының, "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ және жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 15000 үйді аралап шықты, олардың көбінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Өз мүлкінің қауіпсіздігі, бірінші кезекте, тұрғынның өзіне жүктеледі. Қызметкерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстар береді. "Түсіндіре отырып, біз халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттырғымыз келеді, сондықтан үй иелері өз тұрғын үйінің өрт қауіпсіздігі жағдайына назар аударып, бұл олардың қауіпсіздігі үшін қажет екенін түсінуі керек. Бұл ретте ақпараттың әрқайсысына жеткенін қалаймыз, біз жадынамаларды қол қойғызып беруге тырысамыз. Тәжірибе көрсеткендей, біз оны пошта жәшігінде қалдырған кезде, тұрғындар:

«Бізге ешкім келген жоқ. Бізге ешкім түсіндірмеді», - деп айтады. Яғни, жадынама сол күйі пошта жәшігінде қалады. Біз әр үйге кіріп, қол қойғызып, сосын жадынаманы табыстаймыз. Онда жеке тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері бар. Егер үйде көп балалы отбасы, аз қамтылған немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратын болса, онда бұл үйлер есепке алынады. Айына бір рет құтқарушылар қайтадан сол үйге барады. Бізді үйге кіргізбейтін тұрғындар да бар. Сондықтан біз оларға көшеде түсіндіріп, жадынама береміз, бірақ оның үйінде бұзушылық бар ма, жоқ па анықтай алмаймыз. Үшінші санатқа үй иелері жоқ тұрғындар жатады. Бұл жағдайда жадынама пошта жәшігінде қалдырылады. Егер біз тұрғын үйге кірмесек және үйде ешкім болмаса, онда бұл мекен-жайларды назарға алып, содан кейін қайтадан келеміз", - деп түсіндірді Департамент қызметкерлері.

Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы орган сатып алған улы газды анықтайтын датчиктер орнатылуда. Үйге газ анализаторларынорнатуміндеттіемес. Мұны өзіңізді қорғау үшін жасау керек. Өйткені улы газ түссіз және иіссіз, оны анықтай алмайсыз. Адамдар улы газға уланып қалса, оянбай қалуы да мүмкін. Бұл техникалық құралдар өздігінен жұмыс істейді. Көмірқышқыл газының концентрациясы жоғарылаған сайын олар тоналды дыбыстық сигнал шығарады. Бұл адамның оянуы үшін жеткілікті. Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша 132 улы газды анықтайтын датчиктер орнатылды. Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 318 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. Рейд барысында728-ден астамтұрғын үй қамтылды. Сондықтан, құрметті Атырау облысыныңтұрғындары! Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сізден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!!!!

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521