Тәртіптік істердің саны азайып жатыр

(0 Votes)
Тәртіптік істердің саны азайып жатыр

«Агенттік қоғам өкілдерінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін ескере отырып, Әдеп жөніндегі кеңес құрамын БАҚ және белсенді қоғам өкілдерімен жаңғырту жұмысын жүргізді», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын үнемі жетілдіріп отыру – Агенттіктің басты назарында. 2022 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданды. Онда: Біріншіден, мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылды.

Екіншіден, жаңа редакцияда «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттар» белгіленді. Олар – ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік, және клиентке бағдарлану. Үшіншіден, Агенттік пен оның аумақтық органдары қызметтік әдепті бұзудың профилактикасын үйлестіруші органдар ретінде айқындалды. Бұл ретте, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, комиссиялар мен кеңестердің әдеп бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша жұмыстары жандандырылды.

Агенттік төрағасы Әдеп жөніндегі кеңестерде қаралған тәртіптік істердің санының төмендеу тенденциясын атап өтті. Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда былтыр қозғалған істердің саны 29 %-ға азайған. Жыл қорытындысы бойынша Кеңес ұсынымдарының орындалуы 97%-ды құрады. Агенттіктің үйлестіруімен әдеп жөніндегі уәкілдер тарапынан ауқымды түсіндірме жұмыстары атқарылып, 20 мыңнан астам азамат пен қызметшіге жеке консультативтік көмек көрсетілді. Бақылау жұмыстары бойынша 753 тексеру жүргізіліп, 16 мыңнан астам бұзушылық анықталып, заңсыз актілердің күшін жою туралы 493 ұсыным және ұйғарым енгізілді.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521