Түркітілдес журналистер қоры Анталья Журналистер одағымен Меморандумға қол қойды

(0 Votes)

Түркітілдес журналистер қоры түркі әлемі медиасын дамытуға, түркі журналистерінің кәсіби білігі мен бірлігін арттыруға мүдделі.

Осы орайда қор Президенті Нәзия Жояменгенқызы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш мырзамен кездесті. Кездесу нәтижесінде Түркітілдес журналистер қоры мен Анталья Журналистер одағы арасында екіжақты тиімді Меморандумға қол қойып, кәсіби алаңда ортақ жобалар жасау, тәжірибе алмасу туралы келісімге келді.

Сондай-ақ, Қазақстандағы журналистер мен журналистика факультетінің студенттерін Анталья мен Бұрсада тәжірибе алмасу мақсатында пресс турлар ұйымдастыру, жедел әрі нақты ақпарат алмасу, деректерді тексеру, тікелей эфирде жұмыс істеу шеберлігі, журналистердің қауіпсіздігі т.б қатысты арнайы курстар, семинар, вебинарлар өткізуге келісм жасалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521