Түлектерге бағыт-бағдар берілді

(0 Votes)

Мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағыт-бағдар беретін «2000 мектеп» акциясы жалғасуда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы өңірдегі 50-ден астам білім ордасының 9-11 сынып оқушыларымен онлайн және офлайн форматта кездесулер өткізді.

Бұған дейін де айтып өткеніміздей елімізде жол саласы мамандарына сұраныс жыл сайын артып келеді. Өйткені, қазір Қазақстан аумағында республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдарды қайта жаңғырту, жаңа ықшам аудандардың пайда болуына байланысты ауыл және аула ішілік жолдар салу қарқын алды. Сапалы, тақтайдай тегіс жол салу үшін де білікті мамандар қажет. Өйткені, жол құрылысында маңдайының терін төгіп, еңбек етіп жүрген өз еліміздің азаматтарының басым бөлігі кәсіби мамандар емес. Сондықтан, шетелден кәсіби мамандар шақыруға тура келеді.

Осы орайда, қандай мамандықты таңдасам екен, қандай оқуға барсам екен деп жүрген арманшыл жастарға «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ кәсіби мамандары бағыт-бағдар беруде. Құрманғазы ауданындағы Абай атындағы жәнке Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаттың биылғы түлектермен кездескен инженер М.Телеуғалиев жол құрылысы саласының қазіргі тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталып, жолшы мамандарға мемлекет және мердігер мекемелер тарапынан жасалатын жағдайлар туралы әңгімеледі. Жоғары әрі тұрақты жалақы, білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі оқу-семинарлар, тәжірибе алмасу мақсатындағы жұмыстардың жолға қойылғандығын жеткізді.

Ал, облыс көлеміндегі мектеп оқушыларымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өткізген филиал зертханасының меңгерушісі Ж.Шәріпов түлектердің жолшы мамандығын иелену үшін қандай оқу орындарын таңдау қажеттігін айтты.
«Кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары алға қарай да жалғаса береді. Болашақта жол саласын таңдаған студенттер үшін филиал зертханасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады», деді Ж.Шәріпов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521