Құтқарушылар өрттен бір адамды аман алып қалды

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 16 маусымында "ӨСжАҚЖҚ" ММ өрт сөндірушілері тағы бір өмірді құтқарды.

Атырау қаласы 8 март көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде сплит-жүйенің жануы салдарынан өрт шықты. Одан өрт үй иесінің жиһазына және жеке заттарына таралды.

1

Диспетчерлік пультіне шақыру сағат 20:04-те түсті. Шақыруға келген 8 қызметкер мен 2 техника пәтердің кіреберіс есігі құлыпталғанын анықтап, пәтердің балконынан кіруге шешім қабылданды. 1943 жылы туған пәтер иесі есінен танып қалғаны анықталып, өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінен құтқарылып 103 қызметкерлеріне тапсырылды. Құтқарылғаннан кейін егде жастағы әйел улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды. Подъезден 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. Сағат 20:28-де өрт толығымен жойылды. Қаза тапқандар жоқ. Өрт себебі анықталуда.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21