Президент Жолдауында қауіп-қатерге толы заманда ел дамуы батыл әрі жүйелі шешімдерге тәуелді екені ерекше айтылды. Қазіргі жаһандық ахуал — геосаяси шиеленіс, экономикалық тұрақсыздық және технологиялық бәсекенің күшеюімен сипатталады. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын басты бағыттардың бірі — жасанды интеллектіні дамыту.
Жасанды интеллект мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, экономиканың өнімділігін арттыруға және әлеуметтік саланың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Президент атап өткендей, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу — уақыт талабы. Бұл тек экономикалық өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға да ықпал етеді.
Сонымен қатар, жасанды интеллектіні дамыту кадр даярлау, білім беру жүйесін жаңарту және ғылыми зерттеулерді қолдау арқылы жүзеге асуы тиіс. Батыл шешімдер мен нақты қадамдар Қазақстанды жаңа әлемдік тәртіп жағдайында бәсекеге қабілетті, тұрақты мемлекет ретінде қалыптастыруға негіз болады.
Ақбота Жалғауова


