Германиядағы түрік отбасының суретімен жарияланған мақалада суреттегі бала covid19 індетіне қарсы Пфайзер вакцинасын ойлап тапқан Угур Шахин екені айтылған.
Біз семинарда суреттегі бала шын мәнінде Угур Шахин бе, жоқ па деген сауал аясында фактчек жасадық.
Суретті Googl-дің сурет іздеу жүйесіне салып, оның неміс фотографы Кандида Хофердің 1979 жылғы "Германиядағы түріктер" туындысы екенін анықтадық. Германиядағы Түркияның Елшілігіне хабарласып, Угур Шахин Түркияның Исендарун қаласында дүниеге келгенін, балалық шағының сол жерде өткенін білдік. Угур Шахиннің инстаграмдағы аккаунты арқылы 1965 жылы Түркияда өмірге келгенін, 1960 жылдардың аяғында ата-анасы эмигрант ретінде Германияға қоныс аударғанын анықтадық.
Сурет 1979 жылы түсірілген. Ол кезде Угур Шахин 14 жаста болған. Ал суреттегі баланың жасы 5-6-лар шамасында.
Үкім: жалған