Су тасқынынан зардап шеккендерге 2 576 үй салынды

(0 Votes)

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен ел азаматтарына арналған 2 576 үйдің құрылысы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетерлігі, үйлерді салу жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталған. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталған.

Ақмола (38 үй) және Батыс Қазақстан өңірлерінде (66 үй) құрылыс жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жаңа үйлерді қыркүйек айының соңында тапсыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, көктемгі су тасқыны салдарынан Қазақстанда барлығы 17 603 үй зардап шеккен, оның 8 447-сі кейіннен апатты деп танылған еді. Мемлекет жаңа үйлер салудан бөлек, қайталама нарықта 5 767 бірлік тұрғын үй сатып алған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT