СТУДЕНТТЕР ӘЛЕУЕТТІ ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН КЕЗДЕСТІ

(0 Votes)

Назарбаев университетінде құрылысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер әлеуетті жұмыс берушімен кездесті.

«Құрылыс және экологиялық инженерия" факультетінің 3-4 курс студенттерімен кездескен ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша,  бұл іс-шараның мақсаты - автожол мамандығын насихаттау, ұлттық сапа орталығына өндірістік ақылы практикаға үздік оқушыларды тарту, автожол саласындағы жұмысқа бейімдеу.

Айта кеткен жөн, елімізде кәсіби жолшыларға сұраныс өте жоғары. Жалпы, Қазақстан нарығында жол құрылысы мамандары - құрылысшылар, механиктер, инженерлер жетіспейді. Зерттеулер көрсеткендей, аталған мамандарға деген  сұраныс бүгінде 30 мың адамды құрайды. Осылай деген З. Сағынов кәсіпорнының атқаратын негізгі міндеттерін, жас мамандар үшін ақылы өндірістік практика қарастырылғанын, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, олардың жоғары жалақымен қамтылатыны, және мансаптық өсу жолдары туралы айтып берді.  

Кездесуге келген студенттердің де қызығушылығы жоғары болды. Болашақ инженерлер мен құрылысшылар көптеген сұрақтар қойып, жауап алды. Сонымен қатар, жолшымен автомобиль жолдарында қолданылатын инновациялық технологияларды талқылады. Мысалы, З.Сағынов Назарбаев Университетінің ғылыми кеңесшілерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан әлемдегі ең озық технологиялардың бірі Superpave (СуперАсфальт) әдісін енгізу жұмыстары туралы әңгімеледі.

Қазір орталықта бірнеше цифрлық жобалар қолға алынған. Олар -КazRoadLab - ЖҚМ сынақтарын жүргізу процестерін автоматтандыру жүйесі, InfoZhol - автожол құрылысы саласындағы барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қамтитын бағдарламалық өнім; DorSmeta - автожол жобалары бойынша ресурстық әдіспен сметалық есеп жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарлама, SRDS – жер жабындарының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика