«Әскери дайындық – басты міндет»

(0 Votes)

Әскери прокуратура органдарына қолданыстағы заңнамаларды тиісті түрде іске асыру және өмірге енгізу маңызды міндет қана емес, сонымен бірге әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың, әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің шешуші құралы.

Прокурорлық қадағалаудың нәтижесімен әскерлерде әскери дайындықтың сапалы атқарылуына кедергі жасайтын бірқатар шешілмеген мәселелер уақтылы анықталып, оларды жою мақсатында дер кезінде прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп отырады. Дегенмен, кейбір мәселелерді шешу үшін әскери Қолбасшылықтармен, қылмыстық қудалау органдарының атқарған жұмыс қорытындылары, проблемалық сұрақтар және алдағы кезеңге қойылған міндеттерді талқылау жөнінде Ведомствоаралық кеңестер өткізіліп, нәтижесімен бірқатар мәселелер шешіліп жатады. Мысалы, әскери бөлімдердің әскери дайындықтарын шынайтын әскери-әдістемелік базалар, оқу-жаттығу полигондары мен арнайы техникалар жаңартылып, жахандық сұраныстарға жауап беретін стандарттарға жақындап келеміз. Біздің бастамамыз бойынша құрылған «Қаработан» бірыңғай полигон орталығы толық көлемде әрекет етіп тұр. Инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, полигонды барлық күштік құрылымдар пайдаланады. Азаматтардың Мемлекеттік шекарадан өтуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді оңтайландыратын арнайы құралдар, соның ішінде контрабанданы анықтау үшін өткізу пункттері замануй техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп және жаңартылуда. Қадағалауда Мемлекеттік шекараны күзету мәселесі басым бағыттардың бірі. Каспийдің сулы учаскелері мен су жағасында шекара режимін қамтамасыз ету кезінде қиындықтар туындайды. Олардың негізгі бұзушылары браконьерлер. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғындармен жанжалдар болмаған және әскери қызметшілермен қару қолдану фактілері орын алмаған. Үйлестіру рөлін тиімді іске асыру мақсатында облыс әкімімен өзара іс-әрекетті жетілдіріп, нәтижесімен әскери қызмет жағдайын және шекара күзетінің сапасын жақсарту бойынша әскери прокуратураның бірқатар жаңа ұсыныстары қолданып, облыстық бюджет есебінен әр-қайсысы 80 млн теңгеден асатын 5 заманауй шекара заставаларының ғимараттары салынып, пайдалануға берілді.

Атырау гарнизонының өңірлік өзгешелігі діни жағдайдың қиындығында. Бізге экстремистік дін ілімін әскери ортаға кіргізбеу маңызды. Осыған байланысты үнемі кешенді шаралар жүргізіледі. Біздің бастамамыз бойынша Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі, Ұлттық қауіпсіздік және Полиция департаменттерімен бірлесіп жұмылдыру қоры тізім бойынша іріктеуден өткізіледі.

Атырауда мұнай және газ саласындағы жоғары жалақылар, экология жағдайының төмен болуы және ауыр климат әскери қызметке деген қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты қадағалаудағы әскери бөлімдер мен мекемелерде бос орындар мәселесін оңтайлы шешуге тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Гарнизонда наразылық ошақтарына жол берілмеді. Бұған әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын үнемі талдаумен, әскери бөлімдерге шығумен, отбасылармен кездесумен қол жеткізілді. Сұхбаттасу кезінде маңызды мәселелер анықталып, олар бойынша жедел шаралар қолданып, шешімдер шығарылады. Нәтижесінде өтініштер санының өсуіне жол берілмей және әскери соттарға берілетін талап-арыздардың саны күрт төмендеді.

Ұжым қойылған міндеттерді орындауға қабілетті. Біз әрі қарай қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауға барлық күшімізді саламыз.

Батыс аймағы әскери прокуратурасының аға прокуроры әділет майоры А. Нұрғазыұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521