«Батыс» өңірлік қолбасшылығының азық-түлік қызметтерінің үздік мамандары халықаралық армия ойындары аясында өтетін «Дала асханасы» жарысына дайындалуда.
«Жақсы ауқаттансан – шайқаста да жеңіске жетесін!» - осы ұранмен әскери аспазшылар сайысы биыл жетінші рет өткізіледі. Әскери қызметшілер бұған аса жауапкершілікпен қарайды, әсіресе «Батыс» өңірлік қолбасшылығының аспаздары мен наубайшыларының үміті зор.
«Мамандық бойынша оқу кезеңінде біз азық-түлік қызметтерінің үздік әскери қызметкерлерін таңдадық. Қазір Атырауда олармен біліктіліктері мен дағдыларын арттыру мақсатында қосымша сабақтар өткізілуде. Осы мақсаттар үшін біз қаланың ең жақсы аспаздарын өздерінің рецептерімен және құпияларымен бөлісу үшін шақырып жатырмыз», - дейді Батыс өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының Басқармасы азық-түлік қызметінің бастығы подполковник Владимир Томкин.
Команда екі наубайшы мен екі аспазшыдан тұрады. Байқау үш кезеңге бөлінген. Атыс дайындығы кезеңінде әскери қызметшілер АК-74-тен атудың дәлдігімен жарысады. Сайыскерлер 100 метр қашықтықтан үш оқтан максималды көрсеткішіке қол жеткізуі керек.
Нан-тоқаш өнімдерін ерікті рецепт бойынша пісіру және әзірлеу кезеңінде жарысты ұйымдастырушылар ұсынған өнімдер жиынтығынан тамақты дайындау қажет. Аспаздар салқын тағамдар, сорпа, гарнирмен ет немесе балық өнімін, сондай-ақ сусындар дайындайды.
Үшінші кезеңде жоғарыда айтылғандардың барлығы бекітілген мәзір мен рецептке сәйкес дайындалады. Мәзірде винегрет қосылған майшабақ, жазғы салат, борщ, солянка, күріш ботқасы қосылған қуырылған балық, ірімшікке пісірілген картоп қосылған лангет, мүкжидек шырыны, кептірілген жемістерден жасалған компот бар. Сонымен қатар, байқауға қатысушылар белгіленген рецепт бойынша нан мен тоқаш өнімдерін әзірлейді.
Дайындау үрдісі тек далада ПП-40 портативті пештерінде, КП-30 асханаларында, КП-130 тіркемелі асханалары және наубайхана блоктарын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Әскери қызметшілердің сайыс алдындағы көңіл-күйлері көтеріңкі, өйткені олар үшін қарапайым өнімдерден дәмді және құнарлы тағамдар жасау әріптестеріне үйреншікті нәрсе.
Рустем Игисинов,
ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі