Шопан қыстағына қылмыскерлер баса көктеп кірген

(0 Votes)

Атырау облысында шопан қыстағына қарақшылық шабуыл жасауы мүмкін күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 қаңтар күні кешке Индер ауданындағы Есбол ауылының маңындағы шопан қыстағына медициналық маска киген екі адам кіріп келген.

Қылмыскерлер абдырап қалған үй иесін пышақпен қорқытып, барлық бағалы заттарын – ұялы телефон, аккумулятор мен ақшасын алып кеткен.

Облыстық полиция департаменті мен Индер бөлмшесінің қызметшілері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін тағы екі адам қамауға алынды. Ұсталған азаматтар – Атырау және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олар тергеу изоляторына тоғытылды», - деді аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Авторы: А. Соколов

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика