Шекарашылар былтыр 35 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады

(0 Votes)

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 35 487 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады.

 Оның 1094 -і шетел азматтары. Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 соның ішінде:

444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;

389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);

279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);

3 112 – жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);

2 986 – жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

816 – жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ: жалпы ұзындығы 738 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

3 463 дана (20 276 кг) бекіре тұқымдас балықтар; 45 332 дана (67 899 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;

23 250 дана (10 238 кг) шаян тұқымдастар. Алды алынған залал сомасы 7 млрд астам теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

ҰҚК баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521