1 маусым балалар күні мерекесіне орай ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша депаратаменті жыл сайын үлкен көлемде іс- шара ұйымдастырады.
Биылғы жылда да балаларға қуаныш сыйлауды бәсеңдетпеді. Осы мақсатқа орай «Мен Қазақстанның патриотымын» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырлды. Қатысқан әрбір бүлдіршіндерге департамент бастығы өз қолымен сыйлықтармен грамоталар табыс етті.
Депаратмент бастығы өз атынан балармен ата – аналарға жылы ниетін білдіріп мейраммен құттықтады. Балалар үшін арнайы көңіл көтеретін топ шақыртылып ойындар ойнатылды.
Түрлі түсті бояулармен жерге суреттер салынды. Жас өнерпаздар би билеп ән шырқады. Көңілді балаларға дастархан жайылып, үй тағамдарымен сан алуан түрлі тәтті дәмдер күннің көңілді өтуін одан әрмен жалғай түсті. Ата – аналармен бүлдіршіндер көңілді билер биледі.
Мереке қарсаңына ат салысқан ата аналарға да сыйлақтармен грамоталар берілді. Мереке соңы ата -алардың ақ тілегімен жалғасын тапты.