Шекарашылар адам өмірін арашалап қалды

(0 Votes)

Әр заманның өз батыры болады. Ертедегі жаугершілік заманда батырлар елін найзаның ұшымен жаудан қорғаған. Олар үнемі жорықта болып, елінің тыныштығы үшін күрескен. Одан кейінгі әртүрлі алапат соғыстарда (Азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы) барлық ұлттар мен ұлыстар бірігіп ортақ Отандарын жаудан азат еткен.

Біз жырлар мен дастандардан, шығармалардан талай батыр кейіпкерлерді танып, білдік. Олардың ерлігіне сүйсіндік. Казір, біз тәуелсіз, егемен, бейбіт елде өмір сүреміз. Соғыс туралы тек кинодан көреміз. Кітаптан оқимыз.  Дегенмен бибіт күнде де батырларымыз аз емес. Солардың бірі біздің отан сақшыларымыз. Олардың отан алдындағы атқарып жатқан қызметтері ол да бір батырлықтың бір парасы емеспе. Бүгінгі әңгіме барасы да осы тұрғыдан болмақ. Шекара шебін күзетіп, ел тыныштығын ойлап жүрген шекара қызметінің ішінде де ерлік жасаған ер жүректі тұлғалар біршама. Солардың біріне тоқтала кетейік. Ол күні кеше 5 бірдей адамды өрттен құтқарған ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің арнаулы мақсаттағы іс - қимылдар тобының бастығы  майор Құдайберген Ерлан.

shekarashylar-adam-mirin-arashalap-aldy1

Түркістан облысының тумасы Ерлан 27-ші желтоқсан күні түскі ас уақытының аяқталуына жарты сағат қалғанда, көрші Татяна Ерланның үйіне келіп, үйдің ішінде өзге бір истің бар екендігін айтады. Ерлан үй ішін тексеріп болып сыртқа шығады. Сол уақытта көрші дәліздегі үй өртке оранғанын байқайды. Өзімен бірге тұрған капитан Нұрланұлы Нұрберген және түсі ас ішуге келген сержант Кашаков Ерлан ойланбастан өрт болып жатқан есікке ұмтыла кетеді. Алайда өрттің қатты болғаны соншалық бірінші қабаттан ары асып көтерілу мүмкін болмайды. Осы тұста майор Құдайберген Ерлан жедел шешім қабылдайды. Сырттағы тастармен үйдің дәлізіндегі терезелерін сындыруды ұсынады. Барлық қабаттың дәліз терезесі сынған соң үй ішіндегі оттың түтіні азайғандай болады. Сол мезетте майор Е.Құдайберген, капитан Н.Нұрланұлы және сержант Е.Кашаков дәлізбен әр қабаттағы үйдің тұрғындарын сыртқа алып шығады. Үйден шығудан үмітін үзген тұрғындар лаулаған өрт ішінен жүгіріп шыққан шекарашыларға бірден жүгіріп солардың қолдарынан ұстап лаулаған дәліз арқылы сыртқа шығарылған. Аяқ астынан сасып калған тұрғындардың үрейі соншалық тіпті сыртқы киер киімсіз шығып кеткен. Сол уақытта шекарашылар бушлаттарын шешіп жеңіл киімді балалармен үлкен кісілерді ораған.

shekarashylar-adam-mirin-arashalap-aldy2

«Мен осы шекарашы жігіттермен бір үйде тұрамын біздің жігіттер еш ойланбастан бірден жүгіріп кетті. Алдымен ішке кірді сосын терезе сындырды, алып шыққан жас баларға өздерінің киімдерін берді. Үй ішіндегі адамдарды сыртқа шығарып бітуге сәл қалғанда өрт сөндіру қызметкерлері жетті. Солармен бірге тағы да үй ішін толықтай тексеріп шықты. Үйде басқа адам қалмағанына көз жеткізгісі келген шығар бәлкім. Мұндай батыл істі кез-келген адам жасай алмайды. Мен басымды иемін осы жігіттерге», - дейді екінші қабаттағы көрші Осипова Татияна.

«Бұл менің азаматтық борышым, әрі міндетім. Өз әрекетімді ерлік деп санамаймын. Менің орнымдағы әрбір азамат осындай қадамға барар еді»,-дейді майор Құдайберген.

«Алдымен бір жағымсыз ис келді. Мен бірдеңе өртеніп жатыр дедім төртінші қабаттағы әскери қызметшінің балалары бар екенін білемін соларға бірдене болып қалмасын деп бірден жүгірдім. Сүйтіп бұл жігіттердің есігін қағып шығарып алдым. Кейіннен бәріміз сыртқа шықтық сол кезде көрші дәліздің өртке оранғанын көрдік. Бұл жігіттер қиын сәтте өздерін жоғалтпай дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, соны жүзеге асыра білді. Мен шекарашы жігіттерге алғысымды білдіремін. Бұл жігтттер болмағанда не боларын ойлаудың өзі қорқынышты» -дейді екінші қабаттағы көрші Литвина Ванина.

Осылайша, батыл және ержүрек шекарашылар бес адамға екінші өмір сыйлады. Бірақ, өздерін батыр санамайды. Бұл – азаматтық парыз дейді.

shekarashylar-adam-mirin-arashalap-aldy4

                                                                                            

Айтәлі Өмірбат Жанғабылұлы, аға лейтенант, 

ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментінң ақпарат бөлімінің офицері

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика