Шекара қызметі байланыста!

(0 Votes)

Бүгінде ел шекарасы асқан қырағылықпен күзетіліп келеді. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облыстық департаменті күннен күнге заманға сай дамып келеді.

Оған мысал шекара шебіндегі әрбір шекара нарядындағы қауіпсіздік мақсатында әр бір шекарашыға төс бейнекамералары қолданысқа берілуде. Яғни шекарашы мен оған жолыққан жан иесінің арасындағы қарым -қатынас деңгейін анықтау үшін осындай жаңа технологиялар қолданысқа берілуде.

Тағы бір айта кетерлік жайт ол ҰҚК Шекара қызметі Атырау облыстық департаменті бүгін тағы бір жедел байналыс нөмірін іске қосты. Шекара маңындағы адамдар кез- келген күдікті оқиғаны байқаған жағдайда осы бір телефон 8 (7122) 20-53-54 нөміріне байланысып жедел ұтқыр нарядтты шақыра алады. Яғни шекара сызығын заңсыз кесіп өтпекші болған адамды байқаған жағдайда, аумақтық сулар режимін бұзған (теңізге заңсыз шығу, мұз үстінде жүру, балық аулау шекаралық аймаққа тым жақындау) қаскөйді көрген сәтте, браконьерлік ұйымдасқан топтар және оларға көмектескен жан иелері сынды еліміздің табиғи маржандарын заңсыз еленбек болған адамдар көзге түскен жағдайда, немесе осы байланыс нөміріне хабарласу қажет. Шекарадан заңсыз өтіп, шекара маңындағы ауылдардан өзге елдің азаматтарын көрген жағдайд, немесе оларды жасырып ұстаған жандарды байқап жатқан кез-келген адам хабарласа алады. Ауыл маңынан бейтаныс адамның шекара арқылы мал жануарларын өткізген фактілердің барлығы көзге түсе қалса шекара қызметінің жедел телефоны әр уақытта қол жетімді. Келіп түскен қоңырауға ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері томағасын спырған қырандай сол араға жөнелтіледі. Қоңырау шалған адамның жеке мәліметтері құпия сақталады. Оған департамент кепілдік береді. Бұндай жобалар шекара шебін тың технология көмегімен қауіпсіздікті артыру мақсатында ойластырылғаны хақ. Айта кетерлік жайт жедел байланыс нөмірін Атырау облыстық департаменті шекара қызметінде алғаш болып іске асырды. Байланыс орталығы үзіліссіз 24 сағат жұмыс атқарады, ол үшін арнайы кезекшілік топтар ұйымдастырылған. Шекара маңындағы күнделікті көріністен өзге жайтты байқаған адам байланыс орталығына қоңырау шала алады. Заң бұзушының көрген орнымен, жүріс бағытын айтса болғаны. Сол арада шекарашылар жедел әрекетке көшеді. Қасиетті қазақ даласының шекарасын қорғауда әр бір жанның азаматтық борышы. Көзіміздің қарашығындай қастерлі жерімізге шақырылмаған қонақтың кіруіне жол бермейтініміз айдан анық. Жүрегі елім деп соғатын патриот азаматтың, жедел байланыс нөмірі арқылы шекара шебенің тыныш болуына өз үлесін қоса алады. Ендеше 8 (7122) 20-53-54 Атырау облысы бойынша шекара қызметі байланыста, сізді тыңдап тұрмыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521